
! Тиісті газ оттығының орны әрбір тұтқада көрсетілген.
Әрбір оттықты тиісті басқару тұтқасының көмегімен төмендегі
параметрлердің біріне реттеуге болады:
● Өшірулі
Ең жоғары
Ең төмен
Конфорканың бірін тұтандыру үшін, оған сіріңке талын немесе оттықты
жақындатып, тиісті тұтқаны барынша басып сағат тіліне қарсы, от
максималдық түрде жанғанша бұраңыз. Оттық қауіпсіздік құралымен
жабдықталғандықтан жалынды жандырып тұратын автоматты құралдың
қызуы үшін тұтқаны шамамен 2-3 секунд басып тұру қажет.
Тұтандыру оттығы бар моделдерде керек конфорканы тұтандыру үшін
алдымен Рис.
белгісімен көрсетілген қосу түймесін басу керек, сонан
кейін барып барынша басып сағат тіліне қарсы керекті тұтқаны басып
максималдық жалын болғанша бұрау керек.
Кейбір моделдер тұтқаның ішінде орналастырылған тұтандыру
құрылғысы бар. Керекті конфорканы тұтандыру үшін тиісті тұтқаны
барынша басып сағат тіліне қарсы керекті тұтқаны басып максималдық
жалын болғанша бұрау керек.
! Оты кенет өшіп қалған жағдайда, басқару тұтқасын өшірілген күйге
әкеліп, 1 минут өткеннен кейін барып конфорканы қайта тұтандырыңыз.
Конфорканы өшіру үшін тұтқаны сағат тілі бойынша жалын өшкенге дейін
бұраңыз (күй "●" белгісімен белгіленген).
Бұйым максималдық түрде жұмыс істеп тұруы үшін есте сақта:
• ә конфорка үшін тиісті ыдысты пайдаланыңыз, ыдыстың түбі конфорка
жанарғысына сәйкес келуі керек (кестені қара).
• Табаны тегіс және қақпағы бар ыдысты пайдаланыңыз.
• Қайнаған жағдайда, тұтқаны оттың аз келетін жағына қарай бұраңыз.
Ø ыдыс табанының диаметрі (см)
Жылдам (R)
Жартылай жылдам (S)
Қосымша (A)
24 - 26
16 - 20
10 - 14
Оттық
Конфорка түрлерін анықтау үшін “Конфоркалар мен форсункалар”
параграфындағы суреттерді қараңыз.
! Бұйым қауіпсіздік бойынша халықаралық нормативтерге сәйкес
жоспарланған және дайындалған.
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін құрастырылған осы сақтандыруды аса мұқият
оқыңыз.
• Бұл бұйым үй шарттарында кәсіби емес тұрғыда пайдалануға
арналған.
• Бұйымды көшеге, бастырма астында орнатуға тыйым салынады,
өйткені оған жаңбыр және нажағайдың әсері өте қауіпті болып
саналады.
• Бұйымға су қолмен, жалаңаяқ немесе дымқыл аяқпен жақындамаңыз.
• Бұйым тағамдық өнімдерді дайындауға арналған, оны осы техникалық
нұсқаулықта көрсетілген ережелерге сәйкес тек ересек адамдар ғана
пайдалана алады.
• Басқа тұрмыстық электрожабдықтардың электр қуаты өткізгіштерімен,
бұйымның ыстық бөліктерімен жақын байланысқа түспеңіз.
• Желдеткіш торларды және ыстықты басатын тесіктерді жаппаңыз.
• Бұйым пайдаланылмағанда, тұтқалары "” / "” жағдайында болуын
ылғи тексеріңіз.
• Бұйымның вилкасын тоқ көзінен суыру үшін желі шнурынан тартпаңыз,
вилканың өзінен ұстап суырыңыз.
• Бұйымның тазалау немесе техникалық жұмыстар жасау үшін
штепсельді вилканы тоқ көзінен суырыңыз.
• Жөнделмейтін жағдайда, бұйымның ішкі мехнанизмдерін өз бетінше
жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ашуға тыйым салынады. Техникалық
қызмет көрсету орталықтарына хабарласыңыздар (Техникалық
қызмет көрсетуді қара).
• Духовка шкафының ашық тұрған есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
• Пісіру панеліндегі кастрөл тұтқалары сіздің байқаусызда қолыңыз тиіп
кетпейтіндей болып тұруын қадағалаңыз.
• Егер газ және электр конфоркалары ыстық болып тұрса, пісіру
панелінің шыны қақпағын (егер ол болса) жаппаңыз.
• Ыстыққа шыдамсыз ыдысты пайдаланбаңыз.
• Орайтын заттарды жою: орайтын заттарды қайта өңдеу бойынша
жергілікті нормативтерді сақтаңыз.
• Электронды және электрлі электрожабдықтарын қайта өңдеу бойынша
2012/19СЕ Еуропалық Директивке сәйкес электрожабдықтар кәдімгі
қала қоқысымен бірге лақтырылмауы керек. Пайдалануға жарамсыз
заттар оларды құрайтын материалдарды қайта өңдейді және
рекуперациялауды оңтайландыру, сонымен қатар қоршаған ортаның
және денсаулық қауіпсіздігі үшін бөлек жиналуы керек. Барлық
жабдықтардағы қоқыс себетін өшірген белгі, олардың бөлек қайта
өңделетіндігін көрсететін белгі. Тұрмыстық электрожабдықтарын
дұрыс қайта өңдеу туралы нақты ақпаратты алу үшін тұтынушылар
арнайы мемлекеттік ұйымдарға немесе дүкенге хабарласуы керек.
Барлық тұрмыстық электр бұйымдарын жетекші өндірушілер ескі
электр бұйымдарын жинау және қайта өңдеу бойынша жүйе жасау
және басқару бойынша көмек береді.
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны тоқтан
ажыратыңыз.
23
KZ
Comentarios a estos manuales