
! Дақ кетіргіштер, тат кетіргіштер, ұнтақ тазартқыш заттар немесе қырғыш
беттері бар губкалар сияқты қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш
заттарды пайдаланбаңыз. олар құрылғы беттерін біржола сызып тастауы
мүмкін.
! Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе шаңсорғышпен
тазаламаңыз.
• Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш ас үй сүлгісімен
құрғату жеткілікті.
• Оттықтардың алынбалы бөлшектерін жылы сабынды сумен жиі жуып,
күйіп қалған заттарды алып тастап тұру қажет.
• Автоматты түрде жанатын плиталарда электрондық шапшаң тұтату
құралының ұшын жиі тазалап, газ шығатын тесіктердің бітеліп
қалмауын тексеріп отыру қажет.
• Электр конфоркаларды дымқыл шүберекпен тазалау және әлі жылы
болған кезде біраз маймен майлау керек.
• Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт тұрған қаттылығы
жоғары су немесе құрамында фосфор бар күшті тазартқыш заттар
дақ түсіруі мүмкін. Тазалағаннан кейін қалған су тамшыларын сүртіп
алыңыз.
!
Уақыт өте, шүмектер тығыздануы немесе оларды бұру қиындауы мүмкін.
Бұл жағдай орын алса, шүмекті ауыстыру қажет.
!
Құрылғы дұрыс немесе мүлдем жұмыс істемеуі мүмкін. Қызмет көрсету
орталығына хабарласпас бұрын не істеуге болатынын тексеріңіз.
Алдымен, газ бен тоқ желілерде ешбір кедергі жоқ екенін және әсіресе
құбырдағы газ клапаны ашық екенін тексеріңіз.
Келесі жағдайларды тексеріңіз:
• Оттықтағы газ тесіктері бітелген.
• Оттықты құрайтын барлық қозғалмалы бөлшектер дұрыс орнатылған.
• Құрылғы маңында азынақ бар.
Төмендегі жағдайлардың орындалғанын тексеріңіз:
• Тұтқаны аяғына дейін бастыңыз.
• Қауіпсіздік құралын іске қосу үшін тұтқаны қажетті уақыт басып
тұрдыңыз.
• Қауіпсіздік құралына жақын жерлерде газ тесіктері бітелмеген.
Төмендегі жағдайлардың орындалғанын тексеріңіз:
• Газ тесіктері бітелмеген.
• Құрылғы маңында азынақ жоқ.
• Ең төменгі параметр дұрыс реттелген.
Төмендегі жағдайлардың орындалғанын тексеріңіз:
• Ыдыстың түбі жап-жалпақ.
• Ыдыс оттықтың ортасына дұрыс орналастырылған.
• Табаны тіреуіш торлар дұрыс орналастырылған.
24
KZ
ЕСКЕРТУ
195117083.00
12/2013 - XEROX FABRIANO
Comentarios a estos manuales